Өлең, жыр, ақындар

Теңіз жағасында

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1362
Отырсаң көк теңіздің жағасында,
Қаласың қызыққа бір қанасың да;
Қыз қуып суда жүзген жігіттерді,
Мәз-мейрам мөлдір толқын аясында.
Қыздардың күнге күйген ақ білегі,
Құлаштап көк толқынды қақ бөледі,
Қыз сүнгіп кетсе суға, жігіт дағы
Шыққанын сүңгіп бірге бақ біледі.
Тасқынды бүгін теңіз кәрінде екен,
Жүзгенді аршындатпас арынды екен!
Шалқалап жүзген сонау Элико ма,
Жете алмай қалған біздің Кәрім бе екен?
Ойлап қыз жүзіп ұзақ алқынбасын,
Жайды да көк толқынға алтын шашын,
Ілезде сылаң етіп сұлу бір кез
Ойнақтап шықты суға шарпылғасын.
Аспанның көшкен түйдек ақ бұлтындай
Кек толқын ақ көбігін атты тынбай,
Жағада қоян бүйрек жатты тастар, –
Әжемнің шиге жайған ақ құртындай.
Қыздар кеп қыпша белді, күмбез төсті,
Назданып пан, денесін күнге тосты,
Елестеп шіркін жастық кетті ме әлде,
Көрмегір, көзім соған неге түсті?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын ажалы

  • 0
  • 0

Қағып ажал жолынан
Ашты дағы аранын!
Қайран ақын! – қолыңнан
Түсті ұшып қаламын.!..

Толық

Жылдар

  • 0
  • 0

Өтті айлар, өтті жылдар,
Өтті талай мезгілім,
Өтті алуан отты жылдар.
Өсірді өмір өз гүлін.

Толық

Қыздың тамшы көз жасы

  • 0
  • 0

Қыз көзіне жас алар,
Қатты,
я тәтті минутта..,
Дірілдесін қос анар,

Толық

Қарап көріңіз