Зерен, де ерен – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Зерен, де ерен» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 771
(Мұхтар Әуезовтің қайтыс болуына)

Зерен де ерен – бір тума,
Маңдайлы, маңғаз марқасқа,
Қалды ізің өшпес жұртыңда
Өзіңнің орның бір басқа.
Суретші, не – ақынның
ояуы, сұлу сөзі де
Жетер ме талант, ақылдың
Шегіне біткен өзіңе?!
Сирек бір көрер жер бетін
Өзіңдей отты нәрлі адам,
Қайта тумас келбетің –
Құйса да аппақ мәрмәрдан.
Тапсырдық жерге денеңді..,
Ұзақ жылдар, ұзақ күн
Еске алып өшпес бейнеңді,
Туындар жыры қазақтың!

1961


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері