Лермонтов көкіректі, көзді туған – Әріп Тәңірбергенов

Бұл бетте «Лермонтов көкіректі, көзді туған» атты Әріп Тәңірбергенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2988
Лермонтов көкіректі, көзді туған,
Білмеген айырмайды уды судан.
Бетіне данышпанның күйе жағып,
Не түрлі сұмдық шықты бала қудан.
Бояған ақ дидарын қараменен,
Білсе, неге ойнайды данаменен.
Жақсыға түрі бөлек ит те үрмейді,
Жынды бірдей емес пе баламенен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері