Жанымда менің жаз үні

Бұл бетте «Жанымда менің жаз үні» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 923
Менің кейбір құрбыларым назданып:
– Тәке, неге лириканы аз жазып
Жүрсіңіз? – деп, мін тағады, – жүрекке
Күз жеткен бе, сізден көктем, жаз қалып?..
Бәлкім, осы олардың жай әзілі
Болса дағы болмас пікір қазығы,
Күзі несі? – Жанымда әлі жаз үні,
Көңілімде қаңқылдаған қаз үні...
Әділ ойды кім кетеді тыңдамай,
Әр ақыннан шыққан, бірақ, үн қалай?
Түсінбеймін, лирика – тек сүю ме? –
Лириканы түсінеді кім қалай?
Лирика – тек, қыз бен гүлдің жыры ма,
Өліп-өшкен ғашықтың, ия, сыры ма?
Содан кем бе, жұрттың жаны жай тауып,
Өмір жайлы тұрса – жырға жылына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымда менің жаз үні өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жанымда менің жаз үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымда менің жаз үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жанымда менің жаз үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері