Киев

Бұл бетте «Киев» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 966
Жеті шоқы басында
Жез иықты Киев тұр,
Көк дауылдай астында
Днепр толқын ұрып тұр.
Жеті шоқы басында
Қыран иық Киев тұр,
Көкірегіне бас ұра
Каштаны гүл құйып тұр.
О басында қаланың,
Ағайынды үш жігіт
Тартыпты-мыс табанын
Тау тасынан күшті ғып.
Үш жігіттің туысқан
Қарындасы қыз Либедь
Қала жарын құйысқан
Деседі ару қызыл бет...
Киев шаһарын салысқан
Болса,- болар қыз көркем,
Қыздай қала алыстан
Көрінеді бізге ерке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Киев өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Киев өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Киев өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Киев өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері