Қоштаса біл

Бұл бетте «Қоштаса біл» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1030
Жарқын жүзін бұлт шалады Күннің де,
Жартыкештеу ғұмыры бар гүлдің де.
Жүрек сыздап, жаның жылап тұрса да
Қоштаса біл, көз жасыңды білдірме.
Аппақ жүзін бұлт бүркейді Айдың да,
Аққуынан айрылады айдын да.
Қандай ауыр күн туса да басыңа
Қоштаса біл, қамықпа да қайғырма.
Оңай соқпас мықтыға да осалға
Қоштасу сəт – ең қиын сəт қашанда.
Енді қайтып көрмесіңді білсең де
Қоштаса біл, жанарыңа жас алма.
Айыруға шамаң келмей оң-солды
Жүректегі сөзіңді айтып ең соңғы
Қимасыңды шығарып сап тұрсаң да
Қоштаса біл, еңкейтпестен еңсеңді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштаса біл өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қоштаса біл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштаса біл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштаса біл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері