Тарас тауы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тарас тауы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 624
Мұңсыз тауы Тарастың
Минут сайын биіктеп,
Жырға бөлеп ай астын
Тарас тур бас иіп кеп.
Өз тауының басында
Таудан да өзі биіктеп
Тур толқын қып шашуға
Жырдан бұлақ құйып тек.
Ай астында жарқырап
Ақын Тарас жырындай
Жалт-жұлт шалқып жатыр-ақ
Днепро құйындай!
Тау басында тас тұлға
Тіп-тік Тарас мүсіні,
Днепрдей тасқынға
Атылған көз ұшқыны...
Қара бұлттай жалбырап
Түкті қалың қабағы,
Мұрт шалғысы салбырап
Днепрге ол қарады...
Өзен – төмен, ол – биік,
Қарауда ылғи биіктен,
Өзен толқын тұр құйып
Жердің төсін тіліп кең.
Украинам, деп оқыр –
Ұшқынында көзінің
Жатыр шалқып Днепр
Өр жырындай өзінің!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері