Таймаймыз – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Таймаймыз» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 610
Еңбекші ескіден
Езілген ұланбыз.
Ерік алған осы күн
Жауынгер қыранбыз!..
Хан, патша, бай, болыс
Еңіретіп жылатқан.
Оларды біздің күш
Қиратқан, құлатқан.
Жер жүзі тұрса да
Өртеніп өрт болып,
Жас әскер талмаймыз,
Ойнаймыз от болып!
Қызарып нұр туым
Дұспанға от шашты...
Ержүрек қызуым
Балқытады көк тасты!
Жер жүзі тұрса да
Өртеніп, өрт болып;
Жас әскер таймаймыз,
Ойнаймыз от болып!

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таймаймыз өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Таймаймыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таймаймыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таймаймыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері