Өлең, жыр, ақындар

Отарба

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 635
(Тесік таудан өткенде)

Шықты Арыстың қаласынан,
Фрунзеге отарба.
Қазақстан даласынан
Вагон тізіп қатарға.
Оқ жыландай жүз бұралып,
Жүріп келеді суылдап.
Бір тербеліп, бір ырғалып,
Тербетеді сырылдап.
Бір уақытта кірді келіп,
Таудағы үңгір тесікке.
Тас қараңғы ішіне еніп,
Шын тербетті бесікше.
Оқтай ағып, тесті барып,
Зедгір биік шыңдыны.
Жақпар жартас тауды жарып,
Сүңгуірдей сүңгіді.
Тау ішінде бұраңдады,
Үңгіп қара үңгірін.
Қараңғыдан көре алмады,
Вагонда жан бір-бірін.
Көкше шойын жолды жалап,
Тастан сауыт киінді,
Шыққанынша демін санап,
Майлы тері құйылды.
Тесік таудан өтті тысқа,
Бір уақытта өрмелеп,
Сыр жүгіріп сырт-сырт топса,
Тегершігі дөңгелеп...
Кең далада келе жатты
Әкесі мен баласы:
— Әке,—
Деді бал асы айтты,
— Немене, анау қарашы?
Әне, тауды тесіп шықты,
Әне, әке, көрдің бе?
Оның күші қандай мықты,
— Тауын тескен жердің де?!
Бейне темір керуен тізін,
Жансыз арба жүгі көп;
Жаны бардай жүрсе қызып,
Жолды жалап жүгіреді.
Әкесі айтты:
— Балашығым,
Ол ілімнің тапқаны.
Мұнан басқа, қарашығым,
Тағы бар толып жатқаны...
Бұл отарба жүйрік, балам,
Қайтпайды тау-тастан да,
Мұнан басқа аэроплан
Құс боп ұшады аспанда.
Суда сұлу кеме жүзіп,
Жүз бұралады сылаңдай.
Қала ішінде тағы қызық,
Автомобиль, трамвай...
Түнде қала сүттей жарық,
Күндей болады күндізгі.
Электрик шамын жағып,
Жарқыратады жұлдызды.
Трактор бар жаздыгүні,
Capы далаға тулатар.
Егін егіп, еңбек ұлы,
Жер құйқасын туратар.
Мен коллектив мүшесімін,
Жаз трактор аламыз,
Трактордың неше түрін
Көрерсің егін саламыз.
Міне осылар бір туысқан
Бәрі ілімнің өрнегі.
Тауды тесіп, суды қосқан,
Жұмысшының еңбегі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күлімдейді күміс күн де

  • 0
  • 0

Октябрь, еңбекші елге атқан таңсын,
Ардақтап, сүйіп-құшып тапқан таңсын,
Қай сағат, қай минутта кездесем деп,
Жалшы үшін жарығыңды жаққан таңсын.

Толық

Тау қызы

  • 0
  • 0

Тұр Алатау ұйқысынан оянып,
Ұстап жібек бұлт шатырын басына,
Ақ төсіне бозғыл тұман оралып,
Қарағайы иығына асыла.

Толық

Қызыл әскер

  • 0
  • 0

Қуат қайнап құйқылжыған қырандар,
Қажыр қайтпас, қырағы қырғи ұландар.
Жауға қаптап,
Шығып сап-сап,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар