Өлең, жыр, ақындар

Азат әйел

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1315
Кеше, әйелдер, күңдікте жүрмеп пе едің
Кеше қорлық, күңшілік кермеп пе едің?
Кеше еріксіз еңіреп шалға тиіп,
Кеше көңілің қайғымен тілмеп пе едің?
Кеше ата-анаң мұз жүрек малға сатып,
Кеше тендік таңым деп үндеп пе едің?
Кешегі күн естемe, зарлап та едің?
Кеше әйел үстіне бармап па едің?
Кеше нәркес көзіңнен қан тамызып,
Кеше қайғы отына жанбап па едің?
Кешегі сұм заманда, садақ тиген
Жүрегіңнің жарасын жамап па едің?
Кеше шалмен жас өмір шекпен пе едің?
Кеше сыңсып, жас жетпей кетбеп пе едің?
Кеше алмадай аяулы бетің солып,
Кеше ыстық жас моншақтай төкпеп пе едің?
Кеше отбасы, ошақ, күл өрісің боп,
Кеше арманды у кеудеге сеппеп пе едің?
Бүгін тендік сәулесі күлімдеген.
Бүгін әйел Октябрь нұрын көрген.
Бүгін әйел жынысы бақытқа ие,
Бүгін сұлу өмірдің гүлін терген.
Бүгін күңдік кісенін қырқып-кесіп,
Бүгін Ленин таңының күнін көрген!
Әне, тендік құстары қарлығаштар,
Әне, қарлығаш секілді қарындастар...
Әне, толып оқып жүр қара көздер,
Әне, айға қол созған бауырластар.
Әне, маман еліне еңбек еткен,
Әне, әйелдер самғаған таудан асқар...
Әне, адыра ескішіл шал да қалды,
Әне, қызға құн қалыңмал да қалды.
Әне, неке қиюшы шариғатшыл
Шолтаңдаған шалапай молда қалды.
Әне, өзінің тізгіні өздерінде
Әне, әйелдер бақытын қолға да алды.
Әне, кеткен бастағы түнектері,
Жарасынан жазылған жүректері.
Әне, көбі фабрик, заводта жүр,
Білімпаз боп түлеген түлектері.
Әне, ерікте ер менен еңбегі бір,
Тас қайнатқан таптық күш тілектері.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отаныма

  • 0
  • 0

Жайқалған егістіктің толқын атып,
Мен тұрмын, жағасында ойға батып,
Қарақшы ордасының топанына
Емес пе ең бір кезде елім тұрған батып.

Толық

Индия жыры

  • 0
  • 0

Біз мақтана аламыз,
Хақымыз бар мақтанар,
өйткені, біз емеспіз
Сотқарлардай сұқтанар.

Толық

Кавказ тұтқыны

  • 0
  • 0

Сөзімді құп ал, достым, езу тартып,
Еркіндік музасынан шыққан шалқып;
Арнадым қуғын керген толғау жырды,
Шабытты бос кезімде сыйқын тартып,

Толық

Қарап көріңіз