Еркем-ай (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Еркем-ай (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1757
Ер болмас белін жалпақ буғанменен,
Тазармас нағыз қара жуғанменен.
Беу, еркем-ай!
Байқасаң, ақыл басқа, ажар басқа,
Пайда жоқ құр әдемі туғанменен.
Беу, еркем-ай!
Жылқы сайға тұра алмас қыс келгенде,
Жер шаңдақ тартады ел келгенде.
Беу, еркем-ай!
Ауыздағы жел сөзді аяйым ба,
Бүгежектеп отырмын сөз келгенде.
Беу, еркем-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері