Мықтылық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1177
Бір досымыз қызып қалып,
Қабырғаны сүзіп барып,
Қаңғалақтап жүріп кетті,
Дәретханаға кіріп кетті.
Содан сол дос ұзақ кетті,
Шығар мезгіл ұзап кетті.
Қапаландық бұған анық,
Бұдан әрі шыдамадық:
«Шық та шық!» – деп, есікті ұрдық,
Шығады деп тосып тұрдық.
Достым, бірақ, ашпады есік,
Қайттық кері «қасқа» десіп.
Біздер солай сыртта қалдық,
Тағы біраз ұрттап алдық.
Келер таңда бір-ақ тұрдық,
Достың жайын сұрап тұрдық.
Сөйтсек, жазған ұйып қатты,
Дәретханада ұйықтапты.
* * *
Міне, нағыз мықтылық,
Іштік тағы тік тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мықтылық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мықтылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мықтылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мықтылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері