Ленин құрылыста

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 458
Жиһаннан да ұлы болып
Туған қандай ұлы күш?!
Миллионнан
Туған Ленин Владимир Ильич!
Ленин туды; Ленин келді,
Ленин келді дүниеге.
Ленин келді, Ленин өлді,
Ленин болмақ Дүниеде!
Ленин ұста, Ленин нұсқа.
Ленин тірі — тұрмыста.
Құрылысқа, Ленин нұсқа.
Ленин тірі!.. Құрылыста.
Ленин елді, Ленин тірі.
Ленин туды, Ленин тұрды...
Ленин өлді, көмілді.
Ленин есте, Ленин істе
— Ленин күште — Тірілді!
Ленин елді... Бірақ тірі,
Ұрпағы алға тартты лек!
— Ленин Деген
Миллиондаған Иелері
Парт билет!
Өзі өмірден кетті бірақ
Бейнесі өшпес көңілде, Оның ісі,
Оның күші
— Мәңгі тірі Өмірде.
Ленин туды, Ленин келді...
Ленин келді дүниеге.
Ленин келді, Ленин өлді...
Ленин болмақ — Дүниеде!

1931


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин құрылыста өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ленин құрылыста өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ленин құрылыста өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин құрылыста өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері