Бесжылдықтың балғасы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 876
Солқылдата соғылсын
Бесжылдықтың балғасы!
Арқырасын асаудай
Өндірістің арнасы!
Орал таудан алынған
Алмас емей немене?
Бесжылдықтың ағылған
Жалғасы емей немене?!
Бесжылдықта аймағым
Алтынды таудай үйгенін,
Ер абырой алғанын
Қуана көзбен көрді елім.
Құрыш құйған заводтан
Бесжылдықтың ерлерін.
Еңбегімен танытқан
Ер тұлғасын көрді елім.
Эмбі менен Бакуде іс
Мұнай емей немене?
Соны ақтарған еңбек күш
— «Құдай» емей немене?
Мұнайын Эмбі бұлақтай
Атылтып көкке өрлерім,
Бұрғышының болаттай
Бұрқанған күшін көрді елім »
Шыңыраудан көмірді,
Шыңға асыра бергенін,
Бесжылдықтың өмірді
Көркейткенін көрді елім.
Уақытпен бірге алға аттап,
Қанатты түс, елім.
Еңбегіңді салмақтап,
Бесжылдықпен өс, елім.
Сұр трактор — тұлпарым,
Балғам — қамшым, жебеле,
Таң таласа жортарым,
Жебелемей немене?
Солқылдата соғылсын,
Бесжылдықтың балғасы!
Еңбегінен танылсын
Ердің алып тұлғасы!

1931


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бесжылдықтың балғасы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Бесжылдықтың балғасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бесжылдықтың балғасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бесжылдықтың балғасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері