М... ға – Тайыр Жароков

Бұл бетте «М... ға» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1313
Ыстықсың шықтан неге, сәулетайым?
Есте ме, күлдірген күн көктің айын...
Өлеңі ғашығыңның сорғалаған,
— Сия ғып жазған жүрек қанын.
Жүректен ыстық жанға қан тамызып,
Аузыңнан гүлше ашылған бал алғызып,
Неге аттың махаббаттың ұшқынымен
Қарақат қара көзді қадалғызып?..
Кептіріп күңгірт күнгі көздің жасын,
Жеткенде нұрлы өмірге жайнақ жасың,
Шынайы сүю біздің таңда ғана,
Шын сүю айып емес, қарындасым!

1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері