Алдағы өмірде
Бүгін жыл мың тоғыз жүз алпыс екі,
Қиырсыз алда жатыр өмір шеті.
Келеді бірден бірге қолға ұсталып,
Тас сараң табиғаттың болат кілті.
Құлпыртты бұрынғыдан түрді
Алатау, Тұлпарды түрксибтей көрді
Алатау; Құлдырап құздарыңның арасынан,
Отарбаң электрлі жүрді, Алатау,
Жолменен электрлі жорғалайды,
Құлдырап құздан төмен сорғалайды;
Жортады таудан ойға, ойдан тауға,
Біздің күш қай қамалдан қорғалайды.
Талғардың тарғыл ала төсін тесіп,
Қара үңгір туннель жасап, тауын тесіп,
Тұп-тура сол үңгірден темір жол сап,
Жүйткиді экспресс желше есіп.
Зәулім үй, тау теріне — курорт толған,
Бау-бақша, бұлбұл сайрап гүлге оранған.
Атылып Алатаудан күміс фонтан,
Аспанда алтын айдың бетін жуған.
Қалықтап тау басында ұшқан қыран,
Секілді көкті шолды аэроплан;
Мінді де біреуіне кетті бір күн,
Колхоздың қаласына ақын ұлан.
Гүрілдеп жерден биік көкте ұшты,
Көктегі талай сұлу бұлтты құшты;
Колхоздың «Жігер» деген қаласына,
Шарықтап үш сағатта ұшып түсті.
Қалаға түсті түнде сүттей жарық;
Тұрғандай электрден жұлдыз жағып,
Түнді де күндізгідей нұрландырған,
Фонтанды бақшасы түр гүл-гүл жанып.
Көк жасыл бақша ағашы судырлаған,
Желге ойнап жапырағы сыбдырлаған;
Секілді жалт-жұлт еткен күміс лента,
Арықтан сулар ағып сылдырлаған.
Бау-бақша өрім талды гүл-гүл жайнап,
Тартады көркемдігі көзді байлап.
Ағаштың нәзік қана бұтағына.
Қонып ап ән шырқайды бұлбұл сайрап.
Сұңқылдап бір жағынан радио,
Үзілтіп, дірілдетіп салған күйге;
Қалтырап қарлығаштың қанатындай,
Үйірілтті кекте күйді түрлендіре.
«Жігердің» бес жүз үйлі қаласы тұр,
Бөленіп гүліне еңбек даласы тұр,
Жыртылып электрлі тракторға,
Күрпілдеп жер шымының аясы түр.
Жас келген алпыс беске
Төкең тұрды,
Төкең қарт жүргізеді тракторды,
Төкеңе түсетұғын ауырлық жоқ,
Айналады,
Төкең винтті басса болды.
Төкеңмен ақын келіп амандасты,
Сөйлесті Төкең танып ескі досты.
Мөлшерлі жерін жыртып болып үйге
Қайтуға машинасын енді тосты.
Сөйткенше «легковой да» келіп қалды,
Мінгізіп ақын досын қасына алды.
Отыз жыл мұнан бұрынғы өмірлерін
Сол кезде шіркін достар есіне алды.
Төкен.
— Шат өмір жуды ескі өмір кірін,
Ақын дос!
Осы күнгі өмір — шырын,
Әр шумен алға қарай дөңгеленген,
Тарихтың кім тоқтатар тегершігін?..
Екі дос осылайша сөз сөйлесті,
Бір кезде қалаға көп үйге түсті.
Танысып
«Жігер» жайын ақын жазып,
Қоштасып, ертеңіне қайта ұшты.
Одақта өрлеп биік өнер кетті,
Өнерсіз елдерді де өнерлетті.
Жер жарып төңкерісшіл миллион дауыс.
Өршіте техника өнер төкті.
Жиһанда қолға ұсталып өмір кілті,
Дәуірдің күндей шалқып шықты көркі.
Маршын коммунизм ойнағанда,
Үн қосты жер шарының планеті.
Москвада Марсқа ұшып жөнелгенде,
Тыңдалды күннен хабар Кремльде.
Одақтан ақын өлең оқығанда
— Соққызды алтын айдың жүрегін де.
1936-1940
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі