Өлең, жыр, ақындар

Сәлем, саған, Москва

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 480
Жер серігі секілді
Көтерілген космосқа,
Келдім жырмен серпінді
Ұсап ұшқан мен құсқа,
Москва — жарқын жақсы анам,
Құшағыңды аш маған!
Мұзды Алатау шыңынан
Кремльге жеткенше,
Қазақтың кең қырынан
Құйылта жыр төккенше
Аңсап келдім, астанам,
Сәлем Қазақстаннан!
Москвам, сүйген жасымнан
Құшағыңда мен бүгін,
Әр үйіңнің тасынан
Жырын оқып өмірдің
Тұрғандаймын, астанам,
Сәлем саған, жақсы анам!
Тыңда үнін ұлыңның,
Ақылды анам,— Москвам,
Мейман емен, ұлымын
Емеспін мен басқа адам.
Сен туғызған азат күн
Ашты бағын қазақтың.
Жаны жалғас өзіңмен
Көрсең қазақ қырларын,
Бүгін толы тізілген
Соның том-том жырларын
Алып келдім, астанам,
Бұл, тек әзір бастамам.
Беті бейне алқызыл,
Алматының алмасы
Жүзі нарттай ұл-қызын —
Аймағымның даласы
Жіберді: биші, әншісін,
Қабылда талант тамшысын!
Сахнаңда сылаңдап,
Қазақтың сұлу Баяны
Шырқар даусы шығандап,
Аңсап жаны саяны.
Ойнар Біржан, Сара қыз,
Көз тоқтатып қараңыз.
Құрманғазы қолға алған
Домбыра бүгін сөйлейді,
Жанға күйін толғаған
Қондыра, бүгін сөйлейді!
Астанам, осы сәтті күн
Көр елімнің шаттығын.
Өлең сөздің зергері
Ақын Абай ұрпағы,
Келді сәлем бергелі,
Шырқатылмақ жыр тағы!
Ұлыңның нағыз өзі-ақпын,
Өлеңмен туған қазақпын!
Жеріндей кең өзінің
Қазақ халқы құшағын
Ашып, жүрек сезімін
Өмірінің нұр шамын
Алған сенен астанам,
Сәлем Қазақстаннан!
Тың даладан мол егін
Тасқындатқан ерлердің
Алып келдім сәлемін
Болатшы, малшы, зергердің
Бақытты осы ғажап күн
Тыңда үнін қазақтың!
Сенен туып өрледік
Сені — ана дедік біз,
Қонақ бола келмедік,
Ақыл ала келдік біз!
Біз бала да, сен ана,
Ақыл бер де, аяла!
Ақылгөйшім әрқашан
Партия — анам өзіңсің,
Күн боп елге жанған шам
Өшпес Ленин көзісің!
Лениндік Це-Ка, Москвам, —
Сәлем Қазақстаннан!

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқыдағы тау

  • 0
  • 0

Қартаймас қарап тұрсаң дала мықты-ақ,
Кейде бұлт қабақ түйсе алабұртпақ,
Тұнжырап түн басқанда айналаны,
Көз жұмған көк жиекті тау қиықтап,

Толық

Жолдағы ой

  • 0
  • 0

Түйді дағы ойларын: —
«Елсің қазақ көшпелі!»
Деді — «Менің арманым:
Жаңарып ел өскені!

Толық

Таң жыры

  • 0
  • 0

Таңында Октябрьдің қуанам да,
Жыр төкпей жүрегімнен тұра алам ба?!
Көгінен жаңа ғасыр туған күндей —
Сәулесін сеуіп мәңгі тұр адамға.

Толық

Қарап көріңіз