Ақын көрінісі – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ақын көрінісі» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1152
Сырласып ақын өзімен,
Көз жіберіп қырға алыс,
Қыр суретін сезінген
Жолдама берді жырға алыс...
Тақиясы төбеде
Кең маңдайдан жоғары,—
Күмбірледі кеудеде
Жаңа жырлар жолдары...
Бір самғап, бір кідіріп
Құс қанатты қаламы,
Ойы қырға қыдырып
Кейде үнсіз қалады.
Кейде, Шыңғыс шыңына
От жанарын қадайды...
Түндіктен күн нұры да
Сығалайды Абайды...
Елең қылмай ойланып
Ақын сол кез ешкімді,
Толғанады қолға алып
Лермонтов пен Пушкинді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері