Бұл бетте «Түлкі мен жүзім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кірді аш Түлкі жүзімдіктің ішіне,
Тұрды жеміс алауланып, мөлдіреп.
Қу сұмпайы көзін сүзе төнді кеп,
Қандай тәтті, жақұттай-ау түсі де!
Айыбы сол – жоғарыда өздері,
Алар емес қолына тез түсіре.
Көргенімен көздері,
Тиер емес тісіне.
Сағат өтті, еш тындырған жоқ ісі,
Дымы құрып, деді сонда: «Түсіндім,
Құбылтқанмен түсін мың,
Көк екен ғой – жетілмеген жемісі,
Тұтып қалар тісіңді».
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі