Жүрек шалқуы

Бұл бетте «Жүрек шалқуы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 606
Үкісін дала тағынып,
Қызғалдақ гүлін шашқанда,
Самалын салқын сағынып,
Сәріде кеудемді ашқанда.
Көлдегі көркем аққудай
— Кегінде жүзді алтын ай;
Шын бір ләззат тапқандай,
— Жүректің бүгін шалқуы-ай!
Шалқымай қайтсын далада,
Самалды июнь айының,
Жеткізді терең санаға
Ұлы ҮНІН совет заңының.
Құлағыма шалынды,
Сол үн бұлбұл үніндей;
Түлетті тоты жанымды
Иранбақтың гүліндей.

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек шалқуы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жүрек шалқуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек шалқуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек шалқуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері