Ән салсам – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ән салсам» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 894
Қырымда тұрып ән салсам
Кремльге жеткізем,
Кремльден ән салсам
Бүкіл елге жеткізем.
Бүкіл елге жеткен ән
Аузында халқымның,
Халқым тәтті ән тілеген
Нақысындай алтынның.
Алатаудан ән салсам
Аспаныңа жеткізем,
Алты қабат аспанның
Астарынан өткізем.
Аспанға алыс жеткен ән
Аузында ерлердің,
Асқарлай ұшып аспаннан
Самолетке мінгеннің.
Каспийде тұрып ән салсам
Жеткіземін Балтыққа,
Балтықтан тұрып ән салсам
Жеткізем мұзды Мұхитқа.
Мұз Мұхиттан жеткен ән
Құйылады ұстап бұлаққа.
Шырқалған ол ән отаннан
Арналған қызыл флотқа.

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері