Қазақ даласы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қазақ даласы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1536
Алтындап көкжиекті туған күндей,
Көктемде шешек атып жарған гүлдей,
Жаңа заң қуанышты жас өмірдің
Жұлдыздай туды нұрлы шыңына өрлей.
Адамдық бақытының көріп нұрын,
Бөленді қуанышқа ойы, қырым;
Сол нұрдың жасаушысы партияға
Арналып құйылады менің жырым.
Жаңа заң атқан бізге таңның нұры,
Аймақты аялайды күннен жылы;
Заңы ол еліміздің күші берен,
Алады содан қуат жүрек жыры.
Құлпырып құлан байтақ өскен далам,
— Қазақтың көлі, шөлі жаңаланған;
Шаттана жаңа заңды жырға қосып,
Халқыммен мен де бірге әнге салам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері