Долорес

Бұл бетте «Долорес» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 670
Нар кескен өткір қылыштай.
Жауға қарсы ту ұстай,
Шыққан жалын Долорес!
Жалын шашқан жорықтан,
Найзағайдай бұлт жыртқан
Жарқылда да тартынба!
Алуан ерлер артыңда
Фашистердің торын кес!
Террорлардан тараған,
— Ала тулы — аламан,
Халыққа қас қанды қол,
Қарақшы ылғи қанды жол,
Қан қақалмай қолың тарт!
Я көндіру, я сөну,
Я жеңілу, я жеңу,
Я көндіру, я сөну,
Я өлтіру, я өлуі
Майданға, майдан осы шарт!
Снаряд, пушка, бомбадан
Қара боран долданған,
Долданған да қар жауған,
Қар емес, қанды оқ жауған
Өршеленді ұлы егес,
Испанды еркін ел қылу,
Қалауым — халқын ер қылу,
Дұшпандарын жер қылу,
Жарқылда, елмен өрлей өс!
Жалында, жарқын — Долорес!

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Долорес өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Долорес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Долорес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Долорес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері