Өлең, жыр, ақындар

Қайраттанбай тұрам ба?

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 661
Қуатыма құрсанған
Құлатам, деп бусанған,
Жаудың қолын көргенде,
Қынаптан қылыш сермеуге,
Қайраттанбай тұрам ба?
Қайраттанып әлемге,
Бомбыдан күшті өлеңге
Дәрілеп порох толтырып,
Жалындай жүрек жұлқынып,
Жауға аттанбай тұрам ба?
Жауға аттана, жапыра,
Айбаттана ақыра,
Қайраттана басуым,
Террорларға — ашуым,
Буырқанам, сол үшін,
Ақындығым — арыным,
Дәуірім берген — дарыным,
Ауа, су, көк, жерімді
Қорғасу,— туған елімді,
Большевиктік борышым
Шыңдағы совет елінің,
Қызыл тулы жерінің,
Көк толқынды суының,
Көк сүйрікті — нуының
Сұңқарларын елімнің
— «Құртамын» деп қол созған
Қанға құмар — аң тозған,
Фашистенген жылан жақ,
Ұмытпа, ұяңды ойрандап,
Топшымен сұңқар ұнтарын,
Ауадан, судан, таулардан,
Миллион даусы жер жарған
Дұшпанға оғын оқтауда,
Табынын, арын жақтауға
Заң тіл қатсын,— ақылшым!
Мен де өлеңнен зеңбірек
Атылдырып зілдірек,
Күйретуге жау күшін,
Миллионмен бірге дауысым
— Террорлар тез атылсын!

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қойшы

  • 0
  • 0

Кеше:
Кигені бұтта шалбар қатқан жарғақ,
Қаудырлап төрт елі кір батқан жарғақ.
Денесін су тигенде жирендіріп,

Толық

Рица

  • 0
  • 0

Ғажайып бір көл екен
Кавказдағы Рица!
Кім көріксіз дер екен
Сұлулығын бір ұқса?!

Толық

Ел келбеті

  • 0
  • 0

Кәрі әженің бетіңдей
Әжім басқан жер бетін,
Күн көркейтіп бүтіндей,
Гүлденді елдің келбетін.

Толық

Қарап көріңіз