Жаңа жыр

Бұл бетте «Жаңа жыр» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 695
(Гәккугай әнімен)

Жаңа жыр — жырланады майданға арнап,
Жаңа жыр — жайратады жауды ойрандап!
Жаңа жыр — фашизмнің төбесінен
Түседі жарқ-жұрқ еткен жайдай жайнап.
Жада жыр — жаңға жайлы,— сыңғыраған,
Жаңа жыр — аққан дайын тау бұлақтан,
Жаңа жыр — жау жүрегін қақыратып
Жаңа жыр — танк дейін тау құлатқан!
Жаңа жыр — ащы айқайын аңыратқан,
Жаңа жыр — снарядтай жалын атқан
Жаңа жыр — партизанның жасағыңдай
Жаңа жыр — жаудың оқ боп шебін жыртқан!
Жаңа жыр — тисе әлемнің құлағына,—
Секілді жау сүйегін жағып жатқан!
Жайнаймыз, жайнаймыз,
Жауды жеңбей қоймаймыз!
Жерде болса жерінде,
Көкте болса көгінде,
Қиратамыз дұшпанды
Қан майданның төрінде!
Жаңа жыр — айқын өмір анық жыры,
Жаңа жыр — қаһарланған халық жыры;
Жаңа жыр — алдаспандай арқыраған,—
Жаңа жыр — шын жеңімпаз тарих жыры.
Жаңа жыр — өркендеген өмір жыры,
Жаңа жыр — құрыш болат темір жыры;
Жаңа жыр — шыңырау шахталардан
Шығарған күшті көрік көмір жыры.
Жаңа жыр — жайнап тұрған жердің жыры,
Жаңа жыр — бақ дарыған елдің жыры,
Жаңа жыр — қаздар ұшып, қулар қонған
Найқалған айдын шалқар келдің жыры.
Жаңа жыр — жасқанбастан жауға шапқан,—
Жаңа жыр — майдандағы ердің жыры.
Жайнаймыз, жайнаймыз,
Жауды - жеңбей қоймаймыз!
Жерде болса жерінде,
Көкте болса көгінде,
Қиратамыз дұшпанды
Қан майданның төрінде!
Жаңа жыр — жалынды адам жүрегінде,
Жаңа жыр — жаралғанның тілегінде;
Жаңа жыр — Отан үшін жан аямай
Жандасқан жауынгердің білегінде!
Жаңа жыр — қызыл ердің қаруында,
Жаңа жыр — біздің елдің алыбында;
Жаңа жыр —жеңіс үшін қан майданда —
Жарылған бомбылардың жалынында!
Жаңа жыр — жерімізде, кегімізде,
Жаңа жыр — асқар таулы өрімізде,
Жаңа жыр — жұлқынған жау ажалы үшін
Жаңа жыр — жарақтанған елімізде.
Жаңа жыр — қыран дайын қанат қаққан —
Тоқтамас жауды жеңбей кегіміз де!
Жайнаймыз, жайнаймыз,
Жауды жеңбей қоймаймыз!
Жерде болса жерінде,
Көкте болса көгінде,
Қиратамыз дұшпанды
Қап майданның терінде!

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жыр өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері