Мұнай – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Мұнай» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2632
Каспийдің күміс көбік толқынындай,
Бұрқанып жердің астын керней тулай,
Арналы алып Эмба шыңырауынан
Бұрқырап көкке шапшып шыққан мұнай.
Бұрғы сап жердің жетпіс қабатына,
Ағызған мұнайды ер қайратына
Сүйсініп, елім көкке шарықтаған
Күш беріп самолеттің қанатына.
Жайнаған біздің байтақ жер кенге бай,
Тең келер біздің елге ел бар қандай;
Қаныңдай елдің соққан жүрегінің
Шалықтап өмір көлі жатыр мұнай.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнай өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Мұнай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұнай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұнай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері