Өлең, жыр, ақындар

Черкес әні

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 382
I
Гүрілдеп өзен жатты толқын атып,
Үн-түнсіз түн ішінде тау мұнартып,
Сүйеніп қолындағы найзасына,
— Қазақ тұр ұйқылы-ояу мүлгіп қатып.
Ұйықтама түнде, қазақ сақ болып тұр,
Өзеннің аржағында чечендер жүр.
II
Қазақ жүр қайықпенен суда жүзіп,
Өзеннің түбін шалған ауын сүзіп.
Кетерсің, қазақ батып өзенге сен,
Сәбидей суға батқан ойнап жүріп.
Шомылып ыстық күнде суда мөлдір,
Өзеннің аржағында чечендер жүр.
III
Қасиетті су жиегін мекендесін,
Шалқыған қыстақтары байлығы өсіп;
Ән мен би сол ауылда, сендерде бар
Орыстың әншілері жүгірісіп.
Сұлулар, үйге шапшаң қайтып үлгір,
Өзеннің аржағында чечендер жүр.
...Шырқасып осылайша қыздар тынды
Жағада қашуды орыс арман қылды,
Бірақта тұтқын жанның кісені ауыр,
Тұңғиық өзен жатыр қатты ағынды...
Ұйқыға кетіп дала балбырады,
Сәулесін нұрлы түннің түнек басты,
Алыста аспанмен тау араласты...
Қадалып қарасын бас иісіп,
Тіл қатпай ғашық жарлар ажырасты.
Зарланып сонан бері тұтқын жүрді,
Тептіреп жалғыз өзі ел қыдырды;
Нұр сеуіп дөң үстіне алтын шапақ
Күн батып, күн артынан күндер туды.
Қараңғы түн артынан түн айналып,
Ол—босқа еркіндікті аңсап тұрды.
Кейде, ағаш арасында киік ойнап,
ЬІмыртта секірсе де яки сайғақ
Жасырынып әлде қазақ жатыр ма деп
Шынжырын шылдырлатады жұлқып жайлап.
Қазақтар түн жортатын ауыл талап,
Құтқарып құлды ер жүрек, елді тонап:
Дауыстайды... еш дыбыс жоқ айналада
Гүрілдеп жатыр жалғыз толқын тулап.
Сезгендей адам исін қараңғыда
Жорытқан түн жамыла тек аң зулап.
Есітті бір уақытта тұтқын орыс,
Тау жақтан жауынгерлік шықты дауыс,
«Жылқыға, жылқыға!» деп аттан салған,
Жүгеннен шылдыраған шықты дабыс.
Қараңдап үсте бурка сауыт жайнап,
Қаршылдап ауыздығын аттар шайнап,
Тұрды әзір шабуылға барлық ауыл,
Соғыспен өскен ұрпақ біте қайнап.
Өзендей шыңнан шыға ақтарылып
Құбанның бойын өрлеп аттанды жұрт.
Қайтуға әлдекімді олжа қылып.
Мұнартып тыныштыққа ауыл батты;
Шуақта сақ төбеттер ұйықтап жатты.
Жалаңаш, қара торы жас балалар
Еркіндеп, мәз-мейрам боп шулап бақты
Отырып бабалары шылым тартып,
Түтінін трубкадан бұрқыратты.
Сызылтып жас қыздары ән салғанда,
Білетін ескі сазын тыңдап жатты;
Қандырып құлағының құрыштарын
Жүрегін кәрілердің ән жасартты.

ЧЕРКЕС ӘНІ
I
Гүрілдеп өзен жатты толқын атып,
Үн-түнсіз түн ішінде тау мұнартып,
Сүйеніп қолындағы найзасына,
— Қазақ түр ұйқылы-ояу мүлгіп қатып.
Ұйықтама түнде, қазақ сақ болып тұр,
Өзеннің аржағында чечендер жүр.
II
Қазақ жүр қайықпенен суда жүзіп,
Өзеннің түбін шалған ауын сүзіп.
Кетерсің, қазақ, батып өзенге сен,
Сәбидей суға батқан ойнап жүріп.
Шомылып ыстық күнде суда мөлдір,
Өзеннің аржағында чечендер жүр.
III
Қасиетті су жиегін мекендесін,
Шалқыған қыстақтары байлығы өсіп;
Ән мен би сол ауылда, сендерде бар
Орыстың әншілері жүгірісіп.
Сұлулар, үйге шапшаң қайтып үлгір,
Өзеннің аржағында чечендер жүр.
...Шырқасып осылайша қыздар тынды
Жағада қашуды орыс арман қылды,
Бірақ та тұтқын жанның кісені ауыр,
Тұңғиық өзен жатыр қатты ағынды...
Ұйқыға кетіп дала балбырады,
Жартастар мұңға шомып жай тур әні,
Ауылдың лашығына шағылысып,
Сөніңкі ай сәулесі қалтырадық
Қалғыды жардың биік қарағайы,
Сап тынды шаңқылдаған қырандағы.
Дүбірі жүрген жылқы алыстағы
Сәл ғана жаңғырығып тауда қалды.
Сол кезде бір дыбысты құлақ шалды,
Бүркенген қыз пішіні қараңдады.
Қайғыдан жүзі солған, жабырқаңқы
Тұтқынға жақындады, келіп қалды.
Аңсаған әдемі аузы сөзді сонша,
Құса боп, көзіне жас толған жанша,
Иығын кеудесі мен бұрым жауып
Толқып тұр қара шашы толқындарша.
Бір қолда жарқылдаған алмас ара,
Екінші қолға болат қанжар ала
Келатқан құстай ұшып сұлу түрі
— Шыққандай қыз құпия қан майданға.
Тұтқынға қарап тұрған қадап кезді.
«Қаш!»—деді, жетіп келіп таудың қызы,
— Жолыңда черкестен жан кездеспейді,
Қолыңа қанжарды ал да жөнеліп бақ,
Түн іші, адам көрмейді басқан ізді».
Қолына дірілдеген араны алып,
Кісенге аяқтағы салды апарып;
Қиылып ара астында темір быж-быж,
Кесілді болат шынжыр шылдыр қағып.
Шарт етіп болат кісен қиылғанда,
Көзінен қыздың жастар кетті тамып.
— Босандың, қош енді,— деп сұлу тұрып,
Бірақ та, ес жоқ, түс жоқ әлі құрып,
Жүзінде махаббаттың жалыны ойнап,
Қиналды бір жағынан жел де ұлып.
Суылдап, қыз желегін желпіді үріп.
«Жан досым!—деді орыс:—сен шын мендік.
Мәңгілік, өлгенімше мен де сендік.
Жексұрын елді тастап екеуміз де
Қашайық» (не көрсек те бірге көрдік).
— «Жоқ, жаным!
Болмас, орыс, мұның шөні,
Өмірдің тәтті нәрі ғайып болды.
Мен білгем барлық істі, қуанышты,
Күллісі бастан өтті, із жоғалды.
Мүмкін бе?
Басқаны сен сүйгенсің де,
Соны тап, соған ләззат бер несібе.
Мен не үшін қапаланам, қайғы шегем.
Осынша қасірет шектім мен несіне?..
Кеше гөр!
Махаббаттың дұға гөйі,
Шығарман сағат сайын естен сені;
Кеш, жаным!
Шеккен менің қайғымды ұмыт,
Қолың бер...
Ең соңғы рет әкел бері».
Сұлуға соңғы секунд қолын созды,
Жүрегі құстай ұшып, құшты қызды.
Тым ұзақ айырыларда сүйіскені
Қосылған махаббаттан белгі сызды,
Кеуде мұң, қос жас қыршын қол ұстасып,
Өзеннің жағасына түсті басып,
Жөнелді ерікті орыс жүзіп суға,
Күмістей толқындардан көбік шашып.
Жетті әне аржақтағы жартастарға,
Жармасты биік жарға құшақ ашып...
Бір кезде меңіреу толқын гүрілдеді,
Алыста әлдеқайдан бір үн келді...
Шығып ол долы өзеннің жағасына
Артына қарады, еш зат білінбеді.
Жиегі мөлдір өзен айқындалып,
Көпіріп күміс көбік күлімдеді.
Бірақ жоқ жап-жас сұлу черкес қызы
Тауда да, жағада да көрінбеді...
Бәрі өлік... ұйқылы-ояу жағадағы
Ақырын жел соғып тек дем алады,
Дірілдеп ай сәулесін толқын сүйіп,
Үйіріліп су жылымы жоғалады...
Түсінді, бәрі де аян, ойға қалды
Қоштасып ең соңғы рет шолды маңды.
Құр ауыл, қора, дала ол мал баққан
Таныс жер көзге келіп тура қалды.
Жан қинап кісен сүйреп талай жүрген
Адырлар, тас қойнаулар жырақ қалды.
Ер черкес тауда жүрген әнін естіп,
Соңғы рет көрді таныс бұлақтарды.
Қырға таң шапақ шашып құланиек,
Тірілді таң нұрымен түнгі түнек,
Шашырап «үн шыққанда жалғыз аяқ
Жолменен тұтқын жүріп кетті жөнеп.
Тұманнан мұнарланған алыстағы
Орыстың найзалары шағылысты әні!
Қорғаннан анда-санда тұрды естіліп,
Күзетші қазақтардың дауыстары.

ЭПИЛОГ
Сонымен, қиял досы нәзік муза
Қалықтап ұшты беттеп Азияға;
Кавказдың даласынан жабайы өскен
Гүлдерді үзді өзіне тәжді — сыйға.
Айбынды ел жау жорықта жайнап туған,
Музаны сымбатымен қызықтырған
Жасанып сол киіммен әлденеше
Сиқырлы қыз періште келген маған.
Жағалап ессіз жатқан ауылдарды,
Жартасты, кетуші еді кезіп тауды.
Тұңғиық тауда тұрып тыңдаушы еді
Қыздардың жетім қалған үнін зарлы.
Ол сүйді ер ауылды қайтпас жаудан,
Ер жүрек қазақтарды дабыл ұрған;
Қорғанды, моладағы шырақшыны,
Жылқыны кісінескен азан-қазан.
Құдайы әдемі ән мен күйлі сөздің,
Еске алса толып жатыр көрген көзін,
Қайтадан бәлкім өзі сөйлер әлде,
Тараған шежіресін ер Кавказдың.
Сөйлер жар алыстағы жайын елдің,
Жекпе-жек Мстислав шыққан ердің,
Алданып қырылғанын Рессейдің
Өшпенді қыздарынан Грузиннің,
Жырлаймын сол бір кезді даңықтанған,
Бұрқанған исін сезіп қанды майдан,
Өшігіп Кавказға зор аттан салып,
Самғауын екі басты біздің қыран.
Жатқанда бурыл көбік атып Терек,
Жаңғыртқан бірінші рет оқ күркіреп;
Орыстар барабанын гүрс-гүрс қағып,
Ашулы айбатынан жер тітіреп.
Құрсанып жауар бұлттай жеткен еді.
Шүйіліп Цицианов өршіңкіреп.
Кавказдың Котляревский — наркескені!
Қайтпас ер мен толғайын жырлап сені;
Атылдың найзағайдай, басқан ізің
Жұқпалы қара аурудай түспес емі.
Жайпадың, қырып жұртты ұрпағымен
Тастадың бүгін көкті селебені.
Қан төккен соғыс сені қуантпайды,
Тыныштық аңсап, сүймей мерез жерді,
Тыныштық дәмін татсаң бойың балқыр,
Саған үй тыныштығы балдай татыр,
Күншығыс тебіреніп күңіренді ақыр.
Басыңды, қарлы Кавказ бітім жаса,
Ермолов дабыл ұрып келе жатыр!
Соғыстың ащы даусы жарды жерді,
Орысқа көк арулы бәрі көнді,
Кавказдың менменсіген ер ұлдары
Соғыста жан шошырлық қырылды, өлді.
Қорғамады сізді, аққан қандарыңыз,
Көк найзаңыз, я зеңгір тауларыңыз;
Жерді тарпып жұлқынған я тұлпарлар,
Еркіндікті сүйетін жандарыңыз!
Батидың нәсіліндей Кавказ бір күн
Істер де опасыздық құртар тегін,
Ашынған қан майданның даусын ұмытып,
Жауынгер тастар садақ, жебелерін.
Ұя қып өскен шын құт жеріңізден,
Қорықпай жолаушы өтер еліңізден.
Күңгірттеу шежірелер аңыз етер
Дарға асқан дұзақ салып көзіңізден.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Улы ағаштың тамыры

  • 0
  • 0

Улы ауадан жаралған,
Улы жерден таралған,
Улы судан көктеген,
Көктемей, шіріп, жетпеген,

Толық

Солдат

  • 0
  • 0

Кек бұлт кешіп күннің көзін жасырған,
Күз еді ол кектен тұман ашылған...
Келді шауып менің ағам ауылға,
Үстіне кек қару-жарақ асынған!

Толық

Достық дәні

  • 0
  • 0

Айдыны аспан сүйген Ақ Жайықтың
Жайнаған жасыл тоғай жан-жағы ықтын,
Ақтарып ақ бидайдың атырабын
Толықсып тұр тамаша ғажайып күн.

Толық

Қарап көріңіз