Сен келдің – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сен келдің» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1171
(С Бальмонттан)

Сен келдің көктем келгендей,
Жаз гүліндей тағы өстің,
Тыншиды жаным тербелмей,
Бірақ сенен алыспын;
Тыныштықпенен жыр үні
Тамылжып оймен тілдескен,
Сен нәзік — бейне жел лебі,
Сен нәзік — гүлдей түнде өскен.
Сұлулық шіркінді аңсап ой,
Қыста да гүлді сүйеді.
Сен мендік ең, сен, сенсін,
— Мен сендік, сенде ой тілегі.
Сенен бөлек жатсам да,
Жан пернесі күйінде,
Көрерміз, тек қар астында
Екінші көктем гүлін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері