Күңгірттік – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Күңгірттік» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 892
Күн де күңгірт,
мен де күңгірт,
күй күнгірт,
Жұрт ұйқыда,
мен ғана ояу,
үй жым-жырт.
Барды ішіне
жиып алып, шіркін-ай,
Жарылып кетпей
қалай жүреді бұл жұрт!
Мен де білем
берік болу керегін,
Кейде мен де
мықтысынып көремін.
Әуреленіп,
шықпаған соң ештеңе,
Ақтарамын
бөліседі өлеңім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері