Жүрек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жүрек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Таласып кеп кейде ойдың нөпірі,
Тілге оралып сұлу сөздің не түрі
Тұрса дағы, жұдырықтай ет жүрекке
Жасалмай-ақ қояды жыр көпірі.
Қадіріңді жеткізе алар түйіп кім,
Әміріңе жүгінбейді ұйып кім!
Ет жүрек деп аласартып айтқанмен,
Өзіңсің ғой ең биігі биіктің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері