Бұл бетте «Ақ боран түтеген Мәскеуде» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
25.11.2015
0
0
2575
Ақ боран түтеген Мәскеуде
Айналдым біреуге тас кеуде.
Мұздары қарайды жылтырап
Досың ба, қаскөй ме?
Сен дағы іздейсің ықтасын.
Қойныңа жел қолын сұққасын.
Түріңе бақшиып бір қарап.
Тіліңді жан адам ұқпасын.
Сырғанақ ойнаған топ бала
Танымас көпшілік, тоқтама.
Көңілге тиеді көшеде
Ұлып жел, бір жоғын жоқтаған.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі