Жаз
Бұл бетте «Жаз» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген.
(Фетке пародия)
Сөнеді көктем сөнеді.
Келеді жайнап ыстық жаз,
Шыбын-шіркей ереді,
Шымшып шыққан гүлге мәз.
Егін басы жарылып,
Талмен бойы таласқан,
Шыққа дала малынып,
Жұпар шашқан алыстан.
Жылқы шұлғып шыбындап
Суға түсіп саялап,
Жазғы кеш тәтті шырындай
Шөл басқандай аялап.
Құр қоразы үн тартып,
Кекілік ұшқан ашықтан,
Қыз инесін жоғалтып
Әлдеқайда асыққан.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі