Бұл бетте «Аурудан соң» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айықтым мен, айлар бойы басымнан
Торлап тұрған тұман түні сөгілді.
Маңдай терім, таң алдында шашылған
Бейне мөлдір шық секілді көрінді.
Көзімді аштым, дүние жайнап, сейілді,
Шаттық бөлеп тұрғандай бір жан-жақты.
Сонша әсерлі, жаңа көріп өмірді,
Тұңғыш рет басқандаймын аяқты.
Алтын жастық, махаббатың өзі бір
Нұр бейнесі секілденіп қасымда,
Жалт қарасам, – аурухана қызы тұр
Мамық қолын тосып менің басыма.
Октябрь, 1943
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі