Қыз қалауы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қыз қалауы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 726
Тақ қызына ғашық болып сансыз жан,
Тау елінен, Теңіз арғы жағынан
Келді киіп үске жібек асылдан,
Күймелері сары алтынға малынған
Інжу-маржан тосып қыздың алдына,
Ұсынды олар білезік те нақысты,
Бәрінің де бірақ тауы шағыла,
Құралақан елдеріне қайтысты.
Ақын келді, ауып қызға тілегі,
Жалын атқан жырға толы жүрегі.
Осы болды – қыздың көзге ілгені,
Осы болды – қыздың ыстық сүйгені.

29 ноябрь, 1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз қалауы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қыз қалауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз қалауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз қалауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері