Қыс – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қыс» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1156
Жерді жапқан аппақ қармен жалтырап,
Тоғайлы түн жайнап тұрған далам кең,
Шыққан ерте күн сәулесі, шашырап
Күміс қарға жазады алтын қаламмен.
Мен оқимын күннің қарға жазғанын,
Ол жазуды көктемгі егіс жайында,
Көктем туса – сезем қарды қозғарын,
Қар ерісе – шулайды өзен сайында
Сол жазудан көрінеді көзіме
Жасыл тоғай жамылған ел даласы,
Балқып пісіп, қалғып өскен жүзімі,
Бұршақтайын жаудырайтын алмасы.
Тамаша ғой, қарасаңыз аңғарып, –
Күміс қарға ғажап жазу, сызуын,
Күннің өзі мақтан етед таң қалып,
Январьда-ақ алда тұрған күз күнін.
Жер сүйеді қардың қалың болғанын,
Қарсыз қысты жақсы екен деп қалмаңыз,
Босқа айтпаған: «Түссе қыста қар қалың, –
Деп, – күз дәнге толы болар қамбаңыз».
Жерге жауған қарды қабыл алыңдар,
Жатса ақ қар бейне ақ торқа секілді,
Қуантады мені қысқы қалың қар,
Егіннің ол – бітік шығар кепілі.
Қардың буын жұтып бақша бекінді,
Қыс көктемге жол береді, білемін.
Май гүлі, я жаз жемісі секілді,
Қыстыгүнгі күміс қарды сүйемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыс өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыс өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері