Гүлге – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Гүлге» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1144
Әдемісің бұлбұлдай, қызыл гүлім,
Қонайын деп мен саған келдім бүгін.
Жүрегімді толқытқан сенің өзің,
Сәуле шашқан сен үшін нұрлы күнім.
Мен жырлаймын бар үнмен ер еңбегін,
Өз мойнына көтерген елдің жүгін.
Ақын менен бұлбұлда айырма жоқ,
Мен қонайын, майыспа, шықсын жырым.
Сенсіз менің күнім де,
Жырым да жоқ, –
Сен болмасаң жырға да келмес тілім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері