Сенің жырың, Тоқтағұл – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сенің жырың, Тоқтағұл» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 836
Кітабыңды оқыдым,
Жырларыңды жаттадым,
Ұнатып сөзің нұсқасын
«Тоқтағұл» деп мақтадым.
Ойлағаным, жүргенім,
Жырлағаным, сүйгенім,
Бәрінен жақсы көргенім,
Сенін. жырың, Тоқтағұл.
Оқуға әркім асығар,
Алтынменен жазылар,
Сан-сан рет басылар,
Сенің жырың, Тоқтағұл.
Күз мың келіп, мың кетер,
Жаз мың кетсе, мың жетер,
Қарар мыңнан мың бетер,
Сенің жырың, Тоқтағұл.
Жадына алып құрбылар,
Шөберелер той қылар,
Той үстінде жырланар
Сенің жырың, Тоқтағұл.
Тозбай ұзақ тұра алар
Бір емес, еске мың алар,
Елге терең ұғылар
Сенің жырың, Тоқтағұл.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері