Қашан пайдам тиеді

Бұл бетте «Қашан пайдам тиеді» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 874
Араладым адырдағы бадалды,
Жүрегіме қу тікенек қадалды.
Жылан шақты, зәрін шашты, улантты,
Таба алмадым ем істейтін адамды.
Қиналғаннан өлім тілеп өзіме
Бір минутта мыңға бөлдім санамды.
Сонда жетіп келдің өзің көлеңдеп,
Дедің: «Жігіт, көрер алда күнің кеп»,
Өз қолыңмен тікенді алып тастадың,
Нәзік жүрек қалған екен іріңдеп,
Дауа таптың жылан шаққан денеме,
Шөлдегенде сусын болдың «тіріл» деп...
Есте жоқ еді не түскені ойыма?
Тікен кірген барсам судың бойына,
Алқабына ауыл келіп қоныпты,
Есеп жетпес жылқысы мен қойына.
Өте алмаймын қыздар маған қол бұлғайд,
Барғым келіп тұр тамаша тойына...
Осы кезде ауа жара арқырап,
Жеттің ұшып қанаттарың жарқырап,
Өзім жасап, езім есіп қайықты
Судан жүзіп еттім аққан сарқырап.
Сол бір күннен бастап шат боп келемін,
Өзің тудың, өзіңнен жоқ бөлегім,
Мені сүйіп бақыт берген өзіңсің,
Сұра менен тілегенің беремін!
Айтшы, мені алып қалған ажалдан
Саған қашан мол пайдамның тиерін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қашан пайдам тиеді өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қашан пайдам тиеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қашан пайдам тиеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қашан пайдам тиеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері