Өлең, жыр, ақындар

Октябрь

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 888
Волга менен Эльбаның
Бойларын біз басқанда,
Кавказ бенен Карпаттың
Тауларын біз асқанда.
Біздің ер жаумен күресті,
Күресте жаулар жығылды,
Жау босқа қан төгісті,
Жүр екен білмей сырымды.
Жиырма сегіз жыл жасап,
Жігіт болған кезеңің
Қастасқанды күл жасап,
Қолыңнан қыйдың өзегін!..
Жау – көбелек, – біздерді
Кездестірдің білместен,
Ерлікті біздің кез көрді,
Атомды бомбаң келмес тең.
Бас иген Берлин у да шу,
Фашистер өліп жер қапты.
Порт-Артурда қызыл ту,
Жайнады шолып жан-жақты!
Қызыл ту, даңқың өрге өрлеп,
Желбірей берсін желегің!
Әлемде мұңды жан да көп,
Сол тудан күтсін керегін.
Кетпеген қысы көп жер бар,
Жаз туса қыс ұмытылар,
Сол қыста тоңған көп ел бар,
Жаз туған жаққа ұмтылар.
Жойған елден шерлерді
Жұлдызы бақыт шам-шырақ,
Күн көзі түспес жерлерді
Жайнатқан нұры шашырап...
Көшсе де бұлт ойқастап,
Тұңғиық шексіз аспанда
Қарсы боп қандай тау тоспақ
Сәулесін бақыт шашқанда?!
Шаңқай түскі күн нұры
Нұрына бақыт тең емес.
Гүлді бақтың бұлбұлы
Сені ешкімге теңемес!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қордай тауы туралы аңыз

  • 0
  • 0

Қарт Қордай қабақ қатқан, қырау жапқан,
Құздың мұз, құж-құж бұжыр құлап жатқан.
Қысты күн қар қақырып, мұз түшкіріп,
Ақ боран, үш ай тоқсан соққанда ақпан.

Толық

Өздеріңнің көздеріңнен

  • 0
  • 0

Баламын әлі ерке мен елімде,
Келді деп кім айтады мені елуге?
Балдырған балалар-ау, ортаңызда
Мен тұрмын өздеріңмен теңелуге!

Толық

Қош бол, теңіз

  • 0
  • 0

Қош бол, енді көргенше,
Көгала толқын кек теңіз!
Қайта оралып келгенше, –
Бізді ұмытып кетпеңіз!

Толық

Қарап көріңіз