Ж.Аймауытовтың 130 жылдығына арнау! – zhuldyz64

Бұл бетте «Ж.Аймауытовтың 130 жылдығына арнау!» атты zhuldyz64 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сегіз қырлы, бір сырлы, Ұлт- азаттық қозғалыс,
Алашымның ардағы. Патша тақтан құлаған.
Мол мұрасы артында, Ақ пен қызыл соғысы,
Қуантады қалғаны Төңкеріске ұласқан.

Еңбек етіп өнімді, Қартқожадай кейіпкер,
Жазды кедей тұрмысын. Болашаққа бет алған.
Қазақ аулы көрінісі, Қазақ қызы- Ақбілек,
Қазақ қызы болмысын. Өз бақытын таба алған.

Жазды өмір шындығын, Парасатты оймен өрнектеп,
Қилы-қилы кезеңді. Ел арманын суреттеп,
Еңбекшілер тағдырын, Әсем әнші бейнесін,
Оқыған жас сезеді. Қаз-қалпында бейнелеп.

Осы күнде жер-жерде,
Мерейтойлар тойланды.
Кішкентай ғана жүрекпен,
Менде бүгін ойландым,
Алашымның ардағын
Жырлауды мен ойға алдым!
Шымкент қаласы,№64 мектеп-гимназияның 8 «В» сынып оқушысы, Налибай Жұлдыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар