Өлең, жыр, ақындар

Ньюстед аббаттығынан аттанарда

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Ньюстед! Жел сабалап шарбағыңды
Адра қалғандай бір ата мекен,
Солдырып жайнап тұрған гүл басынды,
Баулардың басып үстін жатыр тікен.
Гербті құрыш қалқан жауға ұстаған
Жел соқса күй шертеді күңірене,
Ескертер Европадан қарыштаған
Жорықты Палестина өңіріне.
Жырымен мені Роберт оятпады,
Арфасы шертпейді жеңіс күйді,
Джон жолын Аскалонда аяқтады
Төгілтпес шектен енді күміс күйді.
Молада Креси Поль-Губерт ұйықтап,
Ағылшын үшін қанын төкті Эдуард,
Тебірентіп көз жасымен оларды ұрпақ
Ерлігін аңыз етіп жүр де бірақ.
Жанында Марстонның Робертпен
Бұл ерлер жауға шапты король үшін,
Айқаста жан аямай өліп кеткен
Елінің есінде жүр егіз қыршын.
Аруақтар! Қоштасады жас ұланың,
Артына тастап өскен баспананы,
Асса да талай теңіз асуларын
Ерлердің ерлігін ол еске алады.
Толса егер көзі жасқа, көңілі босай,
Ерлігін ата-баба еске алғаны,
Кетерде туған жерін артқа тастай,
Өр күші тұрды атаның бастап оны.
Ұрпағың ерлік даңқын ұстай білер,
Сақтайды көкірегінде ерлік салтын,
Сіздерше өмір сүріп, сендерше елер,
Жаңғырта жауынгерлік өшпес даңқын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара теңіз

  • 0
  • 0

Қара теңіз көсіліп
Жатса, көлбеп алдында,
Төбеңнен тік тесіліп
Қарайды екен тау мұнда.

Толық

Нұра бойында

  • 0
  • 0

Ақ төсін сүйін Арқаның,
Аққан бойын Нұраның
Аралап елін, алқабын,
Көрдім егін орғанын.

Толық

Сұрану

  • 0
  • 0

Өзім сүйіп, өзім кірген партия,
Берші маған қиын-қиын тапсырма,
Жұрттан қалмай, алға қарай тартайын,
Жүкті арбаны алып шығам нақ шыңға.

Толық

Қарап көріңіз