Құрметті легион жұлдызы

Бұл бетте «Құрметті легион жұлдызы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 758
I
Құйдың ерлік жұлдызы
Сәулеңді ер адамға,
Миллион жан өзіңді
Сүйіп, кірді майданға;
Туған жұлдыз көгінде
Неге өшеді жерінде?

II
Сәулең өшпес жануда,
Сонда тұр ер жаны да,
Даңқты зор батырлық
Жырыңда да жатыр нық,
Ерлік көздің отынан
Жерде жалын атылған.

III
Қызыл-жоса тасқының
Басты патша асқынын,
Қаһарыңмен қанша мың
Қалтыраттың жер шарын,
Буырқансаң бір өзің
Бүркей алдың күн көзін.

IV
Сен ашуға басқанда:
Кемпірқосақ аспанда
Шығады бір жұлқынып,
Өтті реңі құлпырып!
Еркіндіктің құдайы
Оны өшпес деп ұғады!

V
Онда алқызыл күн жүзі,
Әм періште нұр көзі,
Және ақшыл ауаның
Мың құлпырған бояуын
Көрем, сұлу үш бояу, –
Кемпірқосақ үш тарау...

VI
Сөндің ерлік жұлдызы!
Күңгірт тартты көк жүзі...
Жету үшін таңға шын,
Кім төкпейді көз жасын?
Жаныңда жұлдыз жанбаса, –
Тірлігің құр далбаса.

VII
Еркіндікке қуана
Тебіренер аруақ мола да,
Еркіндікке құмартып
Жорықта өлген ер артық!
Жарқырап әлі-ақ жұлдызым
Жанарсың үсте сен біздің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрметті легион жұлдызы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Құрметті легион жұлдызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрметті легион жұлдызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрметті легион жұлдызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері