Қуан
Бұл бетте «Қуан» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қуан
Балаң құтырса қуан -
Қозғала алғаны үшін.
Дабырлап шуласа қуан -
Сөйлейтін болғаны үшін.
Жүгірсе, секірсе қуан -
Дені сау өскені үшін.
Тамағын өзі ішсе қуан -
Өңештен өткені үшін.
Айтқанға көнбесе қуан -
Ақылы толысып келеді.
Өзіндік пікірі дамып,
Ойымен бөлісе біледі.
Сұлулық ұнаса қуан -
Талғамы дамыған екен.
Жатырқап жыласа қуан -
Қауіпті сезеді бөпең.
Бастысы балаңа қуан -
Жаратқан сыйлаған екен.
Ең озық тәрбие бергін -
Қазақтың ұлына көкем!
22.01.2021
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі