Біз — комсомол – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Біз — комсомол» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2022
  • 0
  • 0
  • 4438
(Комсомолдардың көпшілік өлең маршы)

Біз — комсомол — жас қайратты,
Пролетар табынан.
Біз шалғыншы ұшқыр атты,
Алдыңғы сабынан.
Қайырмасы:
Бас қыздырып даңғыл жолды,
Тура тұт маякты!
Оңды-солды, оңды-солды
Шіреп бас аяқты!
Ешбір жаудан сескенбейміз,
Күреске дайынбыз.
Көкте сұңқар, жерде тұлпар,
Мұхитта жайынбыз.
Қайырмасы.
Лениншіл жас ерді берік,
Октябрь туғызған.
Күрес үшін белді берік
Болатпен буғызған.
Қайырмасы.
Ленин жолы — жолың даңғыл,
Маякты түзу жол.
Үркіт жауды, досты таң қыл,
Лек-лек бас, комсомол!
Қайырмасы.
Компартия не бұйырса —
Істейміз тақ тұрып,
Жаудан елді күзетеміз
Әрқашан сақ тұрып.
Қайырмасы.
Сақпыз дауам қарауылда
Күзетіп Отанды.
Бағып және әр ауылда
Қырман мен қотанды!
Қайырмасы.
Бас қыздырып даңғыл жолды,
Туратұт маякты!
Оңды-солды, оңды-солды
Тіреп бас аяқты!

1935 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз — комсомол өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Біз — комсомол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз — комсомол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз — комсомол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері