Қара жер

Бұл бетте «Қара жер» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 1
  • 3790
Дүние тегіс,
Жалпы кеңес,
Қызыл туға бағынса.
Жалпы ғалем,
Қызыл әлем
Қызыл шашақ тағынса.
Болмай жәбір,
Жалпыға бір
Болса көптің жиғаны.
Қызықты еңбек,
Жалпы теңдік,
Махаббат боп иманы.
Мейрімді ана,
Еркін дала,
Қандай түрге кірер ең?
Жәннат болып,
Бақыт толып,
Көркем дәуір сүрер ең.


Пікірлер (1)

Бота

Супер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара жер өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Қара жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері