Сылаушылар жыры – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Сылаушылар жыры» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1177
(Орталық еңбек институтының сылаушылар курсындағы жас жұмыскерлерге)

Сұр алжапқыш, сұр кенеп,
Тегіс сұрғылт киіндік.
Тізе қосып тізіліп
Іске тастай түйіндік.
Қолда қалақ, қол бақыр,
Сұрғылт балшық үстіміз.
Кең сарайды сылаушы,
Жігерлі сұр түстіміз.
Еңбекпен бір қайнасқан
Кең алақан — күштіміз.
Жаңа тұрмыс сарайын
Сәндейтін кіл істіміз.
Қолда темір қалақша,
Қол бақырды қарға асқан,
Қалаушылар легіне
Біз де бір лек жалғасқан.
Тас болат лек іргеге
Қатар түзеп тұрысып,
Шегендейміз балшықты
Есеппенен ұрысып.
Балшық өңін кіргізед
Шіркін күшті қолымыз,
Іске үйренген ыңғайлы
Оңымыз бен солымыз.
Илеп, құйып, шаралап,
Жасап түрлі лайды.
Биік жайдың жымдарын
Айнаша өңдеп сылайды.
Ұйымдасып істеген
Әр істің бір сәні бар.
Әр қимылдың өзінше
Ырғағы бар, әні бар.
Қол бақырға ап балшықты,
Әндетеміз қалақтап,
Санап дәлдеп ұрамыз
Темір қалақ жалақтап.
Темір қалақ күйімен
Түрпілі қол билейді.
Сұр дәнекер балшықты
Қамырдан тез илейді.

1929 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сылаушылар жыры өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Сылаушылар жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сылаушылар жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сылаушылар жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері