Манжурда минами

Бұл бетте «Манжурда минами» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1441
Еңбекші әлем,
Тыңдаңыздар!
Зұлымдықты
Жүрек сыздар!
Тыңдаңыздар!
Манжурия сөздерін!..
Манжур елін
Банды талап,
Құлдануға
Жатыр қанап,
Соны айтайық
Қазақшылап
Естісеңдер де өздерің!
Кім десеңіз,
Осы банды? —
Ұрттап жатқан
Төккен қанды —
Жапон қолы, —
Арам қанды —
Минамилар бастаған.
Обыр тапта,
Ар бола ма?
Оларда иман
Бар бола ма?
Әйтпесе олар
Қар бола ма?
Ұжданды олар тастаған.
Әскері оның
Жебір болса,
Өңкей бұзық
Тобыр болса,
Бастығы өзі
Обыр болса,
Қандай дерсің жауызды?
Қорқау қасқыр,
Әдет ісі.
Аш қабандай
Бұзық түсі.
Қайшыланған
Сойдақ тісі,
Қан-қан арам ауызды.
Мөрі микәдә
Маңдайында,
Көлт, Шимоза
Оңдайында,
Жем аулайды —
«Аң» дайында
Жапонның сұм обыры.
Манжурия —
«Дайын аңы»
Найзағай оқ
Жаңқ-жұңқ маңы,
«Банзай!»8 дейді,
Ұшсын шаңы!
Минамилар тобыры.
Еңбекшісін
Басып-жаншып,
Қанды етегін
Қанға малшып,
Қорлайды сұм
Шауып, жаншып,
Манжурды айдар, тұлымды.
Обыр таптың
Қанды қолы,
Сұм бетінде
Сұмдық толы.
Қан жылайды, —
Жүрген жолы,
Көрдің бе, әлем, зұлымды?
Қасқырша ұлып,
Үрген аңсай,
Шуылдайды,
«Шаңғу, банзай»,
Киік мысал
Аң қуғандай —
Манжур елін талауы.
Оқ боратып
Жынша қаптап,
Кемпір-шалға
Бұтын саптап,
Манжур елін
Басып таптап
Желкілдейді жалауы.
Жарлы Манжур,
Қара айдарлы,
Дауылдай боп
Жауға қарлы,
Жауға тиіп
Қалың жарлы
Қашан найза саласың?
Қызыл жалау,
Тігіп туды,
Күркіретіп,
Ұран шуды,
Артқа теуіп
Обыр қуды
Қашан ерік аласың?
Минамилар
Арам ойы.
Ұзамасын
Оның тойы.
Саған күн жоқ
Өмір бойы
Құртпай езіп құзғынды.
Сұм, теңдікті
Жаратпайды.
Бойға асыңды
Таратпайды.
Қумасаң тез,
Таң атпайды.
Қанды тобыр ызғынды.
«Ер» Минами
Асықпа тек!
Манжур алар
Ертең-ақ кек.
Еңбекші әлем
Оған көмек,
Сақта осыны есіне!
Асықпа әлі,
Сұм қанпезер! —
Қанды аузыңа
Наган кезер,
Алқымыңнан
Басып езер,
Наган тіреп төсіңе.
Манжур әлі
Құралды емес, 
Әзір күшті,
Ұранды емес,
Төңкерісшіл Тұранды емес,
Сенің кезің басынар.
Көлт, Шимоза,
Сенде болса,
Манжур бүгін
Пенде болса,
Ол құралдан
Кенде болса,
Ертең наган асы нар!..

1931 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Манжурда минами өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Манжурда минами өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Манжурда минами өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Манжурда минами өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері