Қолдайды – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Қолдайды» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Торғай неге тонбайды?»-
Білмек болып бұл жайды,
Сауал қойсам, деді атам:
«Жаратушы қолдайды!»

Соның бәрін өзіме,
Көрсеткенде көзіме,
Намаз оқып жүретін,
Сендім ата сөзіне.

Балықты да судағы,
Жәндікті те құмдағы,
Аспандағы құсты да
Жаратушы қолдады.

Бүркіт көкте самғайды,
Үркек қоян заулайды.
Адамды да жердегі,
Жаратушы қолдайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолдайды өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Қолдайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолдайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолдайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері