Бұл бетте «Қарлы аязда» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жерді басқан аппақ қар...
Соғад аяз, ызғырып —
Қызыл шұнақ, жалмаңдап,
Билеп күлед сызғырып.
Ұшан теңіз қалың қар
Жерді басып жабады.
Шұнақ аяз жалаңаш
Екі санын сабады.
Мұздай демі бет қарып
Аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күн
Жасыл ұшқын шашады.
Қызыл аяз демімен
Бет қарылып күйеді.
Қанын беттің шығарып
Аяз тістеп сүйеді.
Күйдіргені — үсітіп
Демі бетке тигені.
Қанын сорып аппақ қып
Тістегені — сүйгені.
Шұнақ аяз аямас,
Тоңып үсіп қатсаң да.
Сызғырады, күледі,
Үсіп өліп жатсаң да.
1926 жыл
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі