Бұл бетте «Інішегіме» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойынды қой, оқы, інішегім, алға бас!
Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.
Балалыққа жас миыңды алдатпа,
Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас.
Бұл заманда ғылым білу — өнер алды.
Аталарың оны білмей артта қалды.
Шырға қылып қызартқанға алданып,
Әр харамға ысырап қылып біткен малды.
Қамсыз жатып, артта қалып бұ күнде,
Я шырақсыз, я сәулесіз қараңғы үйде.
Сырттан қарап жаны ашитын адам жоқ,
Ағаларың жатыр, қалқам, бұл күйде.
Біз қараңғы үйде отырмыз, қарағым!
Басқа жұрттар жап-жарық қып шырағын,
Солардай боп біз де жарық көрейік,
Сендер де көп шырақ жақшы, шырағым!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі